Ультрасүзгілеу

ultrafiltr resize
Ультрасүзгілеу жүйелері жер бетіндегі көзден ауыз суды алу үшін қолданылуы мүмкін. УК-мембрана қатты заттарды, микроағзаларды, балдырларды, бактериялар мен вирустарды ұстап қалады, лайлануды жояды. Ультрасүзгілеу тұндыру және микросүзгілеу процестерін ауыстырады. Вирустарды жою деңгейі 90% дейін. Ультрасүзгілеу кері осмоспен салыстырғанда судың минералдық құрамын өзгертпейді.
Ультрасүзгілеудің негізгі артықшылығы тазартылған судың сапасы іс жүзінде бастапқы судың сапасына қарамастан тұрақты жоғары болып қалады.
Ультрасүзгілеудің басқа тазалау әдістерінің алдындағы артықшылықтары:
  •  төмен жұмысы қысымы 1 – 2 бар кезінде суды тиімді сүзгіден өткізу;
  •  процестің толық автоматтандырылуы;
  •  қатты заттарды толығымен жою;
  •  жұқпасыздандыру (бактериялар мен вирустарды 90% дейін жою);
  •  коллидті және органикалық заттарды тиімді жою;
  • суды ультратолық тазарту (сүзгіден өткізу деңгейі 0,01 микрон).
Кемшіліктері:
  • химиялық жуулардың көп мөлшері;
  • қызмет етудің салыстырмалы түрде қысқа мерзімі кезінде ультрасүзгілеу модульдерінің жоғары құны.